Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Иран қол жеткізген келісімді құптады

АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары мен Иран Ислам Республикасы қол жеткізген келісімді құптады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

– Халықаралық ахуал күрделі қазіргі кезеңде аймақ және әлемдік қоғамдастық үшін мұндай келісімнің маңызы зор. Біз тараптардың саяси ерік-жігерін жоғары бағалаймыз. Бұл өзара сенімді қалпына келтіріп, екі жаққа да тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Сын сәтте батыл әрекет етіп, стратегиялық көрегендік танытқан АҚШ Президенті Дональд Трамптың көшбасшылығын ерекше атап өтеміз. Сонымен қатар Иран Ислам Республикасы жетекшілігінің конструктивті ұстанымын қуаттаймыз. Қазақстан осы бейбіт келісімге қол қою Таяу Шығыста және одан тысқары жерлерде бейбітшілік пен тұрақтылықтың берік негізін қалайтынына сенім артады, – деп жазды Мемлекет басшысы X парақшасында.

Осыған дейін Еуропаның жетекші елдері АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты үн қатқан болатын