Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрін Ақордада қарсы алды

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды қарсы алды.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Фото: Ақорда

Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қазіргі уақытта Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Оның барысында екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланабақ.

Еске салайық, Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян ресми сапармен Астана қаласына келді

Бүгін Никол Пашинян Астанада қазақша ән тыңдап отырған видеосын жарияланды.