Қасым-Жомарт Тоқаев әскери парадты тамашалады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бейжіңдегі әскери парадты тамашалағанын хабарлады.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады, - делінген ақпаратта.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, бұған дейін Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды.

Фото: Ақорда

Кеше Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Фото: Ақорда