Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ мұғалімді мемлекеттік наградамен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының Жарлығымен білім берудегі аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды:

«Парасат» орденімен

Өтелбаев Мұхтарбай — «Математика және математикалық модельдеу институты» РМК бас ғылыми қызметкері, Алматы қаласы

«Құрмет» орденімен

Урнгалиева Зуря Айтқұлқызы — «№ 3 „Зерде“ бөбекжайы» МКҚК тәрбиешісі, Орал қаласы

Шерстобитова Марина Георгиевна — «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ мұғалімі, Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданы

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Амерқанова Гүлбаршын Александровна — «№ 5 жалпы орта білім беру мектебі» КММ мұғалімі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы

Ахметова Ақмарал Дүйсебекқызы — «№ 2 жалпы орта білім беру мектебі» КММ мұғалімі, Атырау облысының Қызылқоға ауданы

Әлибаева Балмия Тұрабекқызы — «№ 24 мектеп-лицей» КММ мұғалімі, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы

Далмырзаев Сәкен Әбдіманатұлы — «Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мұғалімі, Түркістан облысы

Кенжебекова Мереке Лесқұлқызы — «Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектеп» КММ мұғалімі, Жамбыл облысының Шу ауданы

Коровин Андрей Иванович — «Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы жоғары аграрлық — технологиялық колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері

Нұрпейісова Гүлмира Көлбайқызы — «Жарбұлақ орта мектебі» КММ мұғалімі, Абай облысының Мақаншы ауданы

Төлегенов Мақсат Қасымұлы — «Дарынды ер балаларға арналған „Білім-инновация“ лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Астана қаласы

Уәлибаева Айнагүл Әбішқызы — «Нұрым мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» КММ мұғалімі, Жетісу облысының Кербұлақ ауданы

«Шапағат» медалімен

Герасева Ирина Михайловна — «А. М. Горький атындағы гимназия» КММ мұғалімі, Қостанай облысы

Ляшова Ақерке Ермекқызы — «Балауса-Балғын» бөбекжайы» КМҚК тәрбиешісі, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданы

Мырзабекова Жанна Қонысбекқызы — «№ 1 тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ мұғалімі, Ұлытау облысының Ұлытау ауданы

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы беріледі

Ещанова Тамара Жеткербайқызы — «А.Мәлкеев атындағы Есік мамандандырылған дарынды балаларға арналған „Білім-инновация“ лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Алматы облысы

Жұмахметова Жанар Бейбітқызы — «Комсомол жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданы

Исмаилов Қайрат Төлегенұлы — «Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі, Қарағанды қаласы

Ноғайбаева Гүлнар Төленқызы — «А. С. Пушкин атындағы № 1 мектеп-гимназиясы» МКК мұғалімі, Шымкент қаласы

Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы — «Әл-Фараби атындағы № 201 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі, Қызылорда облысының Жалағаш ауданы

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді қағазбастылықтан, аттестациядан және пайдасыз тексерістерден босатуды тапсырған еді.