Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силва мен оның отандастарын ұлттық мереке — Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Фото: Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қазақстан Бразилиямен достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға баса мән беретінін атап өтті. 

Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екі елдің ынтымақтастығы халықтарымыздың игілігі жолында қарқынды түрде дами түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Луис Инасиу Лула да Силваның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Бразилия халқына бақ-береке тіледі.

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Валерий Михайловты 80 жасқа толуымен құттықтаған еді.