Қасым-Жомарт Тоқаев 14 өңірде Tomorrow School желісін ашты

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы бірқатар білім беру бастамасын іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Президенттің тапсырмасымен 2024 жылы Astana Hub жанынан Tomorrow School жасанды интеллект мектебі құрылған болатын. Енді оның табысты тәжірибесі ел көлемінде таратылмақ.  

Мемлекет басшысы телекөпір арқылы 14 өңірдегі Tomorrow School мектептерінің желісін ашты. 

Фото: Ақорда

Бұл мектепте кәмелет жастан асқан, соның ішінде ақпараттық технология саласына жаңа қадам басқан азаматтар тегін білім алады.  

Фото: Ақорда

Тағы бір білім беру алаңы – цифрлық және шығармашылық дағдыларды меңгергісі келетін 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған TUMO Astana креативті технологиялар орталығы. 

Фото: Ақорда

Мұнда генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, ойын ойлап табу, анимация, 3D-модельдеу, роботты техника, киноөнім және цифрлық музыка секілді 11 техникалық және креативті бағыт бойынша білім беріледі. 

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады