АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен , Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен , Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан ары табысты болуына тілектестіктерін білдірді.
Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай құттықтау хаттары келіп түскен болатын.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.