Қасым-Жомарт Тоқаев Черногория Президентін Мемлекеттілік күнімен құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Черногория Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.

Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.

Айта кетейік, Черногория Президенті Яков Милатович Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары аясында Kazinform агенттігіне эксклюзивті сұхбат берген еді.