Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттарына ерекше назар аударылды.
Дональд Трамп экономика және сауда салаларындағы ықпалдастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ президенттер халықаралық ахуалға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Айта кетелік Президент АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азиядағы арнаулы өкілі Серджио Горды қабылдаған еді.