Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды
АСТАНА. KAZINFORM — Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және «Орталық Азия — Ресей» саммитіне қатысады.
Фото: АқордаФото: Ақорда
Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.
Фото: АқордаФото: Ақорда
Еске салсақ, осыдан бұрын Мемлекет басшысы 9-10 қазан күндері Тәжікстан астанасына сапар шегетіні хабарланды.