Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсені қабылдады

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсемен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланды. 

Фото: Ақорда

Президент еліміздің еуропалық ұйыммен өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Әділетті Қазақстан құруға бағытталған саяси реформалардың ауқымды бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы мәлімет берді. 

Ален Берсе Еуропа Кеңесінің Қазақстанмен өзара қарым-қатынас жасауға әзірлігін жеткізді.