Экономиканың түрлі секторындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
2024 жылы Қазақстан Үкіметі мен ЕҚДБ 935 млн долларға 25 жобаны қаржыландыру туралы келісімге қол жеткізді.
Одиль Рено-Бассо ЕҚДБ «жасыл экономика» бағдарламаларын жүзеге асыруға 2 млрд еуро инвестиция құюды жоспарлап отырғаны туралы тың мәліметтер берді.
Қазақстан Президенті банк секторының өркендеуіне қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Одиль Рено-Бассо қаржы саласындағы жаһандық үрдістер жөнінде пікір алмасты.
Бұған дейін «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен кездесу өткізді.