Президент қайтыс болған азаматтардың жақын-жуықтарына олардың қайғысына ортақтаса көңіл айтып, зардап шеккен адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетейік, Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Майотта архипелагында «Шидо» атты жойқын цилон болғанын, оқиға салдарынан мыңдаған адам құрбан болу мүмкіндігі туралы хабарланды.
Дүйсенбі күні кешке қатты дауылдан зардап шеккен Майотта аралындағы жағдайға байланысты Францияның министрлікаралық дағдарыс тобының отырысы өтті. Онда Франция басшысы ұлттық аза тұту күнін жариялайтынын мәлім етті.