Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барды
21:34, 04 Қараша 2024
ПАРИЖ. KAZINFORM – Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Франция Республикасына мемлекеттік сапармен барғанын мәлімдеді.
Париж әуежайында Қазақстан Президентін Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
Ертең Елисей сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция Президенті Эмманюэль Макрон келіссөз жүргізеді.