Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады
14:03, 17 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері Король II Абдалла бен әл-Хусейннің шақыруымен Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барады, деп хабарлайды Ақорданың бапасөз қызметі.
Сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.
Осыған дейін Мемлекет басшысы Бас прокурор Берік Асыловты қабылдаған еді.