АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианды жеңісімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында екі ел басшылары қазақ-иран қатынастарын одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады.
Тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.