Қасым-Жомарт Тоқаев халықты өнбес даудан аулақ болуға шақырды

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында Қазақстанға стратегиялық бағытынан ауытқымау үшін не керек екенін айтты.

Фото: Ақорда

«Әділетті Қазақстанды құру жолында әлі де көп жұмыс істеу қажет. Ол үшін жалпыұлттық бірегейлігіміздің негізін ұдайы нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып, экономиканы дәйекті түрде дамыту керек. Елдік мақсаттарымыздың көкжиегін көре білу маңызды. Сонда ғана алдымызға қойған стратегиялық міндеттердің бағытынан ауытқымаймыз», — деді Президент.

Сондай-ақ, Президент халықты өнбес даудан аулақ болуға шақырды.

«Бос әңгімелер мен өнбес дауларды қумай, болашаққа сеніммен қадам басуымыз керек. Батыл бастамаларымызды бірге жүзеге асыратынымызға сенімдімін», — деді Мемлекет басшысы.