Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде — 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға сапармен барады.

Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.