Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Ақордада қарсы алды

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессоны Ақордада қарсы алды.

Мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Осыдан кейін Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дени Сассу-Нгессо кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.

Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Сонан соң мейман мен Президент құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді.

Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қазіргі уақытта Мемлекет басшылары шағын құрамдағы кездесуге өтті.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2-3 тамыз күндері Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келетіндігін жазған едік.