Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді

ҚОСТАНАЙ. КAZINFORM — Мемлекет басшысы Қостанай облысына барған жұмыс сапары аясында Қостанай қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралап көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. 

Фото: Ақорда

«Юбилейный» шағын ауданында орналасқан нысан жақында пайдалануға берілген. Мұнда жергілікті тұрғындар спорттың шағын футбол, баскетбол, волейбол және үстел теннисі сияқты түрлерімен емін-еркін айналыса алады. Сондай-ақ орталықта жаттығу және хореография залдары жұмыс істейді. Ерекше қажеттілігі бар жандарға тиісті жағдай жасалған», - делінген хабарламада.

Фото: Ақорда

Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев Президентке облыс орталығында бұқаралық спортты дамыту шаралары туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, қала тұрғындарына дене шынықтыру нысандарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударылады.

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы кешендегі залдарды аралап көріп, жергілікті тұрғындармен және жас спортшылармен әңгімелесті. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда