Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясына қатысады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін, 2026 жылғы 28 тамызда Мемлекет басшысы бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайы бірінші сессиясының ашылуына қатысады.
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтай отырысындағы сөзі сағат 11.00-де республикалық телеарналар мен әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда тікелей эфирде көрсетіледі.
Фото: АқордаФото: АқордаФото: Ақорда
Еске салайық, бұған дейін партиялар Құрылтай депутаттарының тізімін жариялаған еді. «Әділет» партиясы 110, «Ауыл» партиясы 10, Respublica – тоғыз, ал ЖСДП мен «Ақ жол» партиялары сегіз депутаттан тұратын тізімді ұсынды.
ОСК 2026 жылғы 27 тамызда Құрылтай депутаттарына куәліктері мен төсбелгілерін табыстады.
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.