Қасым-Жомарт Тоқаев Литва Президентін құттықтады
14:49, 17 Ақпан 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев Гитанас Науседаны Литва мемлекеттілігін қалпына келтіру күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жеделхатта Литва Республикасы бүгінде Еуропа Одағының белсенді мүшесі ретінде өз мемлекеттілігін нығайтып, азаматтарының әл-ауқатын жақсарту жолында едәуір жетістікке қол жеткізгені жазылған.
Президент Қазақстан мен Литва арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухында өрістеп келе жатқан қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі үшін ұдайы дами беретініне сенім білдірді.
Лсыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен баратыны туралы жаздық.