Атап айтқанда, «Астана-1» вокзалы, «Жағалау» шағын ауданы, Қосшы қаласы бағыты бойынша жаңа желінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. 20 станциядан тұратын екінші кезеңнің жалпы ұзындығы 26,5 шақырымды құрайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев LRT құрылысын жүргізіп жатқан қытайлық компания өкілдері мен CTS Transportation, Astana LRT жұмысшыларына сәттілік тілеп, жобаны одан әрі жалғастыруды тапсырды.
- This is only the first step! – Бұл жолдың басы ғана! - деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Президент Astana LRT жұмысын іске қосты.