Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM –  Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.

Сонымен қатар Президент бүгін медицина тарихында тұңғыш рет жасалған ота үшін хирургтерге алғыс айтқан еді