Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады
21:48, 06 Шілде 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианды Иран Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасының жаңадан сайланған Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдап, иран халқының игілігі мен кемел келешегі жолындағы бастамаларына сәттілік тіледі.