АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда 20-21 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мажарстанға баратынын мәлімдеді.
- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады, - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Президент бірқатар мемлекеттің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.