Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қазақстан Президенті Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара «Ақорда» резиденциясының алдында өтті, деп хабарлайды Kazinform Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.
Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтеді.
ЕҰУ-да журналистика мамандығы бойынша бакалавриатты және магистратураны тәмамдаған. Стамбул мемлекеттік университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен. «Qazaqstan» ұлттық телеарнасында, "Астана ақшамы" газетінде тілші болған. 2014 жылдан бері Kazinform ХАА-да шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.