АСТАНА. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Майя Санду мен Молдова халқын Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады.
Ақорданың хабарлауынша, жеделхатта Қазақстан екі ел халқының мүддесі үшін кең көлемді бағыттардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екені атап өтілген.
Мемлекет басшысы Президент Майя Сандудың барлық игі бастамаларына табыс, ал достас Молдова халқына құт-береке тіледі.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақын Марфуға Айтхожаны 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтаған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.