Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің бүгін өтетін пленарлық отырысына қатысады
10:03, 06 Ақпан 2024
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін сағат 15:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес депутаттардың келісімін алу үшін жаңа Премьер-Министрдің кандидатурасы ұсынылады.