Президент пен Режеп Тайип Ердоған әуежай залында аз-кем әңгімелесті

АСТАНА. KAZINFORM – Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары басталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысын Анкара қаласындағы Этимесгут әуежайынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған күтіп алған болатын. 

Фото: Ақорда

Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысатыны хабарланған еді.