Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді
20:01, 29 Шілде 2025
АНКАРА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан жақты талқылады.
Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтты.
Өз кезегінде Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысын Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.