"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге іскерлік бағыттағы бірқатар келіссөзден кейін Димаш Құдайберген, Сүндет Байғожин, Айгүл Қосанова, Әзиза Омарова, Әлішер Кәрімов және белгілі пианист Темірлан Бейсембай (Ratovich) сынды қазақстандық таланттардың өнерін тамашалады" делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бастаған делегацияға Ақордада ұсынылған ас мәзірі туралы жазған едік.
Астанада Ташкент Мәдениет күніне арналған іс-шаралар өтіп жатыр. Елорда тұрғындары өзбек халқының мәдени бай мұрасымен танысып, ұлттық тағамдарынан дәм татты.