Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралады
АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль екі ел өнерпаздарының гала-концертіне барды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Шараға дейін мемлекеттер басшылары Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының фойесіне қойылған «Ұлы дала алтыны» көрмесін аралап көрді.
Фото: Ақорда
Көрмеге алтыннан жасалған археологиялық тарихи жәдігерлер, соның ішінде басты экспонат ретінде Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкцияланған киімі мен қару-жарағы қойылған.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын аймақтық басылымдардан бастаған.
Төрт тіл біледі, кәсіби аудармашы.
2018 жылдан бері – Kazinform шығарушы редакторы.
ҚР Журналистер одағының мүшесі.