Қасым-Жомарт Тоқаев Рустами Эмомалиді «Достық» орденімен марапаттады

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасы Ұлттық жиналысы Мәжілісінің төрағасы Рустами Эмомалиді екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан зор еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Орден Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін табыс етілді.

Айта кетейік, бүгін Президент Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасын қабылдады.