Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелескенін жазды.

Айта кетейік, бұған дейін Президентке Көкшетаудағы «Көк шалғын» жобасы таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында реновация бағдарламасымен жаңа қонысқа көшкен отбасымен әңгімелесті.

Сондай-ақ Президент Көкшетау қаласының 2050 жылға дейінгі Бас жоспарымен танысты.