Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік инвесторлармен кездесті
АСТАНА. KAZINFORM - Iетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Мемлекет басшысы бірқатар халықаралық компанияның өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Wabtec президенті және бас атқарушы директоры Рафаэль Сантанамен әңгімелесу барысында компанияның ұзақ жылдан бері Қазақстанның теміржол саласындағы сенімі серіктесіне айналғанын, елімізге 230 миллион ддоллардан аса инвестиция құйғанын атап өтті.
Америкалық Wabtec корпорациясы көлік технологиясы бойынша көшбасшы компаниялардың бірі ретінде танылған.
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз локомотивтің жаңа түрлерін шығару, сервистік орталықтарды кеңейту, біліктілік орталықтарын құру және өндіріс локализациясын арттыру бағыттары бойынша компаниямен стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.
Осыған дейін Мемлекет басшысының Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысын өткізгені туралы жаздық.