Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент әуежайының жаңа терминалымен танысты

Фото: Ақорда

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM –  Мемлекет басшысының қаланы дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында салынған әуе айлағының құрылысына жеке инвестор 24 миллиард теңге қаражат жұмсаған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президентке Қазақстанның оңтүстігінде бірегей авиациялық хаб қалыптастыру өңірдегі әуе қатынасының бағыт санын 17-ден 59-ға дейін ұлғайтуға, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар еліне рейстер ашуға мүмкіндік беретіні жөнінде баяндалды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласына барғанын жазған болатынбыз.