Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Ақорда резиденциясында қарсы алды
17:50, 16 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорда резиденциясында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді қарсы алды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Бұдан соң мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.
Осыған дейін Президенттің Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алғанын хабарлаған едік.