Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты

Фото: Ақорда

БЕЙЖІҢ. KAZINFORM — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен әскери парадты тамашалаған мәртебелі меймандардың құрметіне ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған салтанатты қабылдауға қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадты тамашалады.

Фото: Ақорда

Президент Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңына барды.

Мемлекет басшысы Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты.