Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесінде ауқымды кадрлық өзгерістер жасады

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның сот жүйесіндегі ауқымды кадрлық өзгерістер туралы Жарлыққа қол қойды.

Фото: Pexels

Құжат сот төрағалары, түрлі деңгейдегі судьялар мен республика бойынша сот органдары жетекшілерін тағайындау, өзгерту және лауазымынан босату мәселелерін қарастырады.

Жарлық аясында кадрларды ауқымды ротациялау жүргізілді. Республикалық маңызы бар қалалардағы, облыстық және аудандық деңгейдегі соттарға, сондай-ақ мамандандырылған әкімшілік, экономикалық және тергеу соттарына жаңа төрағалар мен судьялар тағайындалды.

Оларды мына сілтемеден көруге болады.

Лауазымнан босату

Сонымен қатар бірқатар судья түрлі негіздер бойынша қызметінен босатылды. Олардың қатарында зейнеткерлікке шыққандар, жасына байланысты өкілеттігі тоқтатылғандар, өз өтінішімен қызметтен кеткендер, сондай-ақ Судьялар жюриі мен тәртіптік органдардың шешімі негізінде лауазымынан босатылғандар бар.

Тәртіптік блок

Жарлықта тәртіптік сипаттағы шешім де қамтылған. Атап айтқанда, судья Молдабек Ахметовтің қызметі сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тоқтатылды.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.

Айта кетейік, жақында Президент орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.