Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM - Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді.

Фото: Ақорда

Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді.

Фото: Ақорда

Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.

Фото: Ақорда

Еске салсақ, өткен жылы Қазақстан қуаты күшті суперкомпьютер құруға кіріскен болатын.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі суперкомпьютерге қажет жабдықтарды жеткізу процесіне түсінік берген еді.