Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік сарайында Ресей Президентін қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге мемлекеттік сапармен келген Ресей Президенті Владимир Путинді Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Фото: Ақорда

Елордадағы Тәуелсіздік сарайына келген мәртебелі мейманды Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Осыдан кейін әуеде жойғыш ұшақтар Ресейдің мемлекеттік туын бояумен бейнеледі. Сарайға кірген Президенттер бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Фото: Ақорда

Бұдан кейін көрші ел президентінің мемлекеттік сапарына орай сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Фото: Ақорда

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Фото: Ақорда

Атап айтқанда, бұған дейін 27-29 мамыр күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келетінін жазған едік.

Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.

Кеше Астана әуежайында Владимир Путинді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Kazinform тілшісі Астана мен Мәскеу арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі даму үрдістері мен алдағы перспективасын шолып шыққан болатын