Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентінің шақыруымен Душанбеге барады

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

 АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы 9-10 қазан күндері Тәжікстан астанасына сапар шегеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге сапармен барады, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойғанын хабарлаған едік.