– Қасым-Жомарт Тоқаев 9-10 қазан күндері Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның шақыруымен «Орталық Азия – Ресей» саммитіне және ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Душанбеге сапармен барады, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Президенттің «Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобы туралы» өкімге қол қойғанын хабарлаған едік.