Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады.
Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.
Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады.
Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелер талқыланды.