Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды
21:04, 04 Тамыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды.
- Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды, - деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бүгін Президент ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевтың отбасына көңіл айтты.