Қасым-Жомарт Тоқаев Тяньцзинь қаласындағы Мэйцзян конференция орталығына келді

АСТАНА. KAZINFORM – Президент ШЫҰ саммитіне қатысушы елдердің делегация басшылары құрметіне ұйымдастырылған салтанатты қабылдау рәсіміне қатысу үшін Тяньцзиндегі «Мэйцзян» конференц-орталығына келді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысын ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен оның зайыбы Пэн Лиюань күтіп алды.

Содан кейін ШЫҰ саммитіне қатысушы мемлекеттердің делегация басшылары бірге суретке түсті. 

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда