Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесуге келді

БУДАПЕШТ. KAZINFORM - Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Виктор Орбанмен кездесуге келгенін мәлімдеді.

Фото: Ақорда

«Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанмен кездесу өткізу үшін Мажарстан Премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратқа келді», — деп жазды ресми ақпарат көзі.

Айта кетейік, кеше Қазақстан Президенті Мажарстанға мемлекеттік сапармен барған болатын.

Президент Мажарстанда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен жүздесті.