АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапары аяқталған Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды
Әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеді.
Сондай-ақ суретші Әсел Сабыржанқызы Ресей президентіне елімізге жасаған сапарына арнап салған картинасын сыйға тартты.
Полотнода екі елдің достығы бейнеленген.
Айта кетейік, бұған дейін Путин Қазақстан басшысына орыс тілін дамыту қорын құруға атсалысқаны үшін алғыс айтқан болатын.
Сондай-ақ ол Қазақстанды Ресейдің сенімді одақтасы екенін жеткізген.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.