ҚР Президенті Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен кездесті

АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Ақорда

Кездесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жүзеге асыру мәселелері, сондай-ақ елді саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жаңғыртудың негізгі бағыттары талқыланды.

-Президент мемлекеттік институттарды одан әрі дамытуды, басқару тиімділігін арттыруды және халықтың тұрмыс сапасын көтеруді көздейтін қазіргі өзгерістер жөнінде айтты,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымеy «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.